• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Алматы 10 Сәуір, 2025

Алматының Түрксіб ауданында төрт жайлы мектеп салынады

96 рет
көрсетілді

Күн сайын аумағы артқан мегаполисте мектеп жетіспеушілігі мәселесін шешу өзекті. Тұрғындармен жүздескен қала әкімі шаһардың ең көне аудандарының бірі саналатын Түрксіб ауданында білім беру инфрақұрылымын дамыту жұмысы белсенді жалғасатынын атап өтті.

Оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында 2024 жылдың қараша айында №59 мектеп-гимназиясының 300 орындық қосалқы ғимаратының құрылысы мен сейсмикалық беріктігін күшейте отырып күрделі жөндеу жұмыстары аяқталмақ. Сонымен қатар, биылғы ақпан айында №195 мектепке 450 орындық қосалқы ғимараттың құрылысы аяқталып, өткен жылы №83 гимназия филиалы қайта жаңғыртудан өткен.

Биыл жыл соңына дейін №50 мектепте сейсмикалық күшейту арқылы күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады.

Бұдан бөлек, төрт жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр: №198 мектепке 600 орындық қосалқы ғимарат салу, №142 мектепті қайта жаңғырту, №78 мектепке 450 орындық қосалқы ғимарат салып, күрделі жөндеу жүргізу және №170 мектептің ескі ғимаратын бұзып, жаңа қосалқы ғимарат салу көзделген.

Ұлттық «Жайлы мектеп» жобасы аясында, биыл Түрксіб ауданында 6100 орындық төрт жаңа мектептің құрылысы аяқталады деп болжанып отыр.

Биыл мамырда Жас Қанат шағын ауданында Даму және шығармашылық орталығының құрылысы басталады. Жоспар бойынша құрылыс 2026 жылдың маусым айында аяқталуы тиіс.