Аталған қалада күзет ұйымы директорына қарақшылық шабуыл қылған күдіктелер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Күдіктілерді Павлодар облысының жедел қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде анықтап, ұстаған.
Polisia.kz сайтының хабарлауынша пәтерге заңсыз кіріп, жалпы сомасы 11 млн теңгеден астам мүлікті иемденген күдіктілерден заттай айғақтар алынды.
«Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер УҚИ-ге қамалды. Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр», деді Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғ.Қабдрахманов.