• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қаржы Бүгін, 14:16

Шетелге қоныс аударған Қазақстан азаматтарына да зейнетақы төленеді

Енді шетелге қоныс аударған Қазақстан азаматтары да зейнетақы ала алады. Бұл туралы Конституциялық Сот арнайы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, 2026 жылғы 18 мамырда сот зейнетақы тағайындау мен төлемдерді тоқтатуға қатысты қолданыстағы заң нормаларын қараған. Заңнамада шетелге көшкен азаматтарға зейнетақы төлеуді тоқтату мүмкіндігі болған еді.

Зейнетақы алу құқығы адамның жасы мен азаматтығына байланысты болғандықтан, жаңа өзгерістерге сай Конституциялық Сот тұрғындардың мекенжайы зейнетақы алуға әсер етпеуі керектігін мәлімдеді.

Сарапшы: Зейнетақы ақшасы пәтер алуға немесе жөндеу жасауға арналмаған

Алайда бұл шешім шетел азаматтығын алған немесе азаматтығы жоқ тұрғындарға әсер етпейді.

Айта кетейік, бұған дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шектерін жариялаған болатын. Оған сәйкес ең төменгі шек 6 670 000 теңге болып бекітілді.

Соңғы жаңалықтар