Жеңістің 80 жылдығына орай, Бауыржан Момышұлы атындағы 5-ші мектеп ұжымы ұйымдастырған дәстүрлі би кеші биыл Жастар сарайында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Іс-шараға аталған білім ордасы мен Рудныйдағы №14-ші мектеп-гимназияның 9-11 сыныбында оқитын 80 жұп қатысты.
«Дәстүрлі бал кеші жастардың мәдениетін қалыптастырып, этикалық дағдыларын дамытуға бағытталып отыр. Біздің мектептің оқушылары бесінші сыныптан бастап хореографияны үйренеді. Іс-шараға бірнеше ай бойы дайындалдық. Ұл балалар арнайы әскери киім киіп, қыздарымыз ақ көйлек киіп, гүлдей құлпырып шықты. Шәкірттеріміздің өнері көпшілікке ұнады деген ойдамыз», дейді мектеп директоры Жанар Есенова.
Қостанай облысы