Лондондық «Челси» Дастан Сәтпаевты француздың «Страсбург» клубына жалға бермеуі мүмкін. Хаби Алонсо 17 жастағы шабуылшының командада қалу мүмкіндігін қарастыруы ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дастан Сәтпаев жақында «Қайрат» сапындағы қоштасу матчын өткізген болатын. Британдық БАҚ мәліметінше, клубтың бас бапкері Хаби Алонсо Сәтпаевты алдымен жастар командасында сынап көруі мүмкін.
Белгілі ағылшындық спорт журналисі Киран Гиллдің ақпаратынша, «Челси» жаз бойы футболшыны жан-жақты сынақтан өткізеді. Негізгі нұсқалардың бірі ретінде «Страсбургке» жалға беру қарастырылғанымен, Сәтпаев алдымен U-21 құрамында өнер көрсетуі ықтимал.
Ұлттық құрама: Дастан Сәтпаев маусым айында өтетін жолдастық кездесулерде алаңға шыға ма?
Айта кетейік, футболшы Англияға тамыз айында, 18 жасқа толған соң ауысуы керек болған. Алайда «Челси» басшылығы оны алдын ала шақырып, Аустралиядағы маусым алдындағы дайындыққа қатыстыру туралы шешім қабылдады.
Еске салайық, бұған дейін Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов Дастан Сәтпаевқа арнайы академиялық грант табыстады.