СҚО-да су тасқынының үшінші толқыны жүріп жатыр. Сергеев қоймасындағы су ернеуінен 215 см-ге асқан. Петропавлда да су деңгейі сағат сайын өзгеруде, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазгидромет» мамандары әрбір төрт сағат сайын мониторинг жүргізуде.
«Өңірдегі басты гидронысан Сергеев су қоймасында су деңгейі бір тәулік ішінде 96 см-ге көтеріліп, су ернеуінен 215 см-ге асқан. Петропавл су торабында да жағдай сағат сайын өзгеріп жатыр. Мұнда қауіпті меже 960 см. Бірақ су деңгейі қазірдің өзінде 1058 см-ді көрсеткен.», - делінген хабарламада.
Ал мамандар су тасқынының үшінші толқыны облыс орталығына тек алдағы демалыс күндері келеді деп болжап отыр. Яғни, сол кезде Заречный кентін су басу қаупі бар.