2025 жылғы 17 сәуірде ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастамасымен «Майлан» далалық оқу орталығында елімізде алғаш рет FPV-дрон операторлары арасында Millitary Drone Race атты турнир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталмыш сайысқа еліміздің негізгі күштік құрылымдары – ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, т.б. құрылымдардың командалары қатысқан.
Айта кетейік, турнирдің ресми серіктесі – білім және ғылым саласында жұмыс істейтін «Ashyk Aspan Foundation» қоры.
Жарыс нәтижесі бойынша:
1-орынды – ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің командасы; 2-орынды – ҚР ҰҚК «А» арнайы жасағы; 3-орынды – Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының командасы иеленді.Турнирдің басты мақсаты – FPV-дрондарды басқару саласындағы мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру, тәжірибе алмасу және заманауи ұшу құрылғыларын тактикалық қолдану мүмкіндіктерін дамыту болды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар саладағы инновациялық шешімдер мен әскери дайындықты жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.