Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тікұшақпен тасқын қаупі бар учаскелерді аралады.
Алдымен қала және аудандар әкімдерінің тасқынға байланысты есептерін тыңдағаннан кейін ол Қызылжар ауданының ауылдары, Үлкен және Кіші Тораңғұл көлдері, Сергеев су қоймасы, сондай-ақ Есіл өзені бойында орналасқан басқа да елді мекендерді өз көзімен көріп шықты.
Тексеру барысында су деңгейіне, гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне және су басу қаупі бар аймақтар барланды.
Тексеріс қоытындысы бойынша ол әлеуметтік желіде: «Қазіргі уақытта су тасқынының үшінші толқыны жүріп жатыр, ол елді мекендерге қауіп төндірмейді. Үшінші толқынның шарықтау шегі сәуір айының соңында облыс орталығында күтіледі. Тасқынға шарсы кешенді дайындық жүргізілді: бөгеттер нығайтылды, айналма арналар салынды. Жағдай тұрақты бақылауда», — деп жазды.