«Таза Қазақстан» экофестиваліне арналған көрмеде атыраулық оқушы Аружан Ғалымжан Мемлекет басшысына суды үнемдеуге үндейтін суреттерін көрсетті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Таза Қазақстан» бастамасы бойынша ұйымдастырылған шығармашылық байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен мыңнан астам оқушы қатысқан болатын.
Мемлекет басшысына байқау жеңімпазының суреті салынған жейде мен шопер сыйға тартылды. Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың жұмыстарына жоғары баға берді.