Банктердің, финтех-компаниялардың және телеком-операторлардың қағаздары көбірек өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының (ҚҚҚ) деректеріне сәйкес, 2025 жылғы қаңтар-наурызда акциялар арасында банк секторының, финтех-индустрияның компаниялары, сондай-ақ телекоммуникациялық және тау-кен өндіруші эмитенттер ең көп өсім көрсетті. Әсіресе алтын өндіруші компаниялар ерекшеленіп, олардың акцияларына да баға қосылды.
Осы секторлардағы акциялардың өсуі инвесторлардың сенімін білдіреді. Компаниялардың бизнесі тұрақты өсіп, қаржылық көрсеткіштері мен перспективалары нығайған.«Бұл көбінесе олардың бизнесінің өсуін, қаржылық нәтижелерді, мықты нарықтық позицияларды, сондай-ақ инвесторлардың болашақта пайда табу қабілетіне сенімін аңғартады», делінген ҚҚҚ хабарламасында.
Мұндай тренд өз портфельдерін қалыптастыратын жеке инвесторлар үшін бағдар бола алады.