• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Сәуір, 2025

Шухрат Ибрагимов, ERG Директорлары кеңесінің төрағасы, бас атқарушы директоры: ERG сатылмайды

30 рет
көрсетілді

БАҚ-та соңғы бірнеше аптада таралып жатқан әрқилы ақпарат, соның ішінде Джеймс Кэмерон мырзадан сатып алу туралы түскен ұсыныс туралы жарияланымдарға жауап ретінде

ERG Директорлары кеңесінің төрағасы, бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов ERG-ді сату жайын­да ешбір келіссөздер жүріп жатпағанын, компания бас­шылығы бизнесті бірізді, орнықты дамыту ұста­ным­да­рына берік екенін нақ­ты­лады. Бизнесті қалыпты жүр­гізуде еш өзгеріс жоқ. 2024 жылдың соңында өткен Директорлары кеңесінің отырысында одан ары дамыту, өз кәсіпорындарына инвестиция құюға бағытталған жаңа даму стратегиясын қабылдады. ERG-дің ұзақмерзімді өсім мен Топтың барлық стейк­хол­дерлеріне құндылық қалып­тас­ты­руға екпін түсіру ұстанымы бұлжымайды.