• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Жұмыс 23 Сәуір, 2025

Еңбек нарығындағы шетелдік жұмыс күші

40 рет
көрсетілді

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдайға сәйкес жергілікті ат­қарушы органдардың рұқсатымен еліміздің аумағында 13 891 шетел азаматы еңбек етеді.

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарларына 570 рұқсат (1-санат), құрылымдық бөлімшелердің басшыларына 2 439 рұқсат (2-санат). Тартылған жұмыс күшінің негізгі бөлігі 3 (мамандар), 4 (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады, тиісінше олар 4 541, 1 023 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 709 адам, кор­по­ра­тивтік ауыстыру аясында 3 609 адам тартылды.

Экономикалық қызмет түр­лері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 131 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 695 адам, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 351 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 232 адам. Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 885 адам, Өзбекстан – 1 614 адам, Үндістан – 1 150 адам, Түркия – 1 124 адам.