• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Сәуір, 2025

Ақтөбеде қайтарылған қаржыға медициналық нысандар салынады

20 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында әлеуметтік маңызы бар нысандар құрылысына бағытталған ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ел қазынасына қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен аймақтағы медициналық инфрақұрылымды дамытуға 1,4 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл қаржы 11 нысанның – фельдшерлік-акушерлік пункттер, медициналық пункттер және дәрігерлік амбулаториялар құрылысына жұмсалады.

2025 жылы фельдшерлік-акушерлік пункттер:

Ырғыз ауданының Нұра ауылында; Байғанин ауданының Ноғайты ауылында бой көтермек.

Медициналық пункттер:

Шалқар ауданының Шоқысу; Сарысай, Тоғыз ауылдарында; Мұғалжар ауданының Жарық ауылында; Қобда ауданының Бегалы ауылында; Ырғыз ауданының Жарма ауылында салынатын болады.

Ал дәрігерлік амбулаториялар: Мұғалжар ауданының Қайыңды, Мұғалжар ауылдарында және Алға ауданының Маржанбұлақ ауылында ашылады.

Айта кетейік, жаңа нысандар тәулігіне 25-45 келушіге қызмет көрсетуге есептелген. Бұл – шалғай елді мекендердегі халықтың сапалы әрі қолжетімді медициналық қызметке қол жеткізу мүмкіндігін едәуір арттырады.