• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 27 Сәуір, 2025

Күтпеген жерден көтерілген тасқын

90 рет
көрсетілді

Петропавлдың түбіндегі Қызылжар ауданына қарайтын Тепличный кентіне былтыр тасқын су кіріп кеткен. Биыл олай бола қоймас деген үміт ақталмады. Су бөгеттерден асып түсу қаупі бар. Сондықтан 25 сәуірде тұрғындар Бескөл ауылындағы 2-ші мектепке және Петропавл қаласындағы жатақханаға эвакуацияланды.   

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіге бүгін: «Үш күннен бері тәулік бойы жұмыс істеп жатырмыз. Тепличныйдағы қорғаныс бөгетін нығайту барысы жеке бақылауымда. Бөгетке барлық қажетті техника жұмылдырылған, шатырлар тігілген, тамақтану ұйымдастырылған.

Жұмысқа 1,6 мыңға дейін адам тартылған — бұл кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер және құтқарушылар. Біздің аудандар да көмек көрсетуде. Көршілес өңірлерден құтқарушы бригадалар келді. Осы күнге дейін 90 мың қап төселді.

Су толтырылған бөгет орнатылды. Бөгет астынан су ағуын болдырмау үшін сүңгуірлерді де тартып жатырмыз. Халықпен кездесіп, барлық қиындықтарға қарамастан тәулік бойы еңбек етіп жүрген азаматтарға шынайы алғысымды білдірдім», деп жазды.

Қазір тасқынмен күрес жалғасуда.

ПЕТРОПАВЛ