• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Сәуір, 2025

Ақмола облысында сумен жабдықтау жүйесі салынады

40 рет
көрсетілді

Үкімет Ақмола облысындағы Қосшы және Макинск қалаларының тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлді, деп жазады Egemen.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қосшы қаласындағы су құбыры жүйесінің құрылысын аяқтауға 476,7 млн теңге бөлінген. Жобаны іске асыру нәтижесінде халық 100% орталықтандырылған сумен қамтылады. Қазіргі таңда шамамен 50 шақырым құбыр тартылған. Жалпы, желілердің ұзындығы 64,1 шақырым болады деп жоспарланып отыр. Нысанды жыл соңына дейін тапсыру көзделген.

Қолданыстағы инженерлік желі 30 мың тұрғынға есептелген. Ал ресми дерекке сенсек, бүгінде Қосшыда 50 мыңнан астам адам тіркелген. Қаланың бас жоспары бойынша 2038 жылға қарай тұрғындар саны 150 мыңнан асады деп болжанып отыр.

Ал Макинск қаласында су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша 72,7 шақырым желі тарту қарастырылған. Бұған дейін бөлінген қаражат есебінен бүгінде 45 шақырымда жұмыс аяқталған. Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген 606,4 млн теңге жобаны толық аяқтап, халқы 18 мыңнан асатын қаланы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Арнаулы мемлекеттік қордан білім беру, денсаулық сақтау, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, инженерлік желілер мен су құрылыстарын жаңарту сияқты салалардағы 280-ге жуық жобаны іске асыруға қаражат бөлінді.