• RUB:
    6.31
  • USD:
    512.34
  • EUR:
    582.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Сәуір, 2025

Жетісуда ұзақ өмір сүру орталығы ашылды

40 рет
көрсетілді

Бұл – өңірдегі екінші орталық, алғашқысы былтыр Талдықорғанда іске қосылған. Жаңа нысан «Жанұя» отбасын қолдау орталығымен бірге орналасқан. Екі орталыққа ортақ көлік бөлінген. Мұнда зейнеткерлердің белсенді өмір салтын ұстануына, денсаулықтарын нығайтуына, шығармашылық және спорттық шараларға қатысуына жағдай жасалған, деп жазады Egemen.kz.

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев ардагерлермен кездесіп, Алакөл мен Көксу аудандарында да осындай орталықтар ашылатынын айтты. Ол аға буынның өмірлік тәжірибесі мен қоғамдық өмірге қосқан үлесінің маңызын атап өтті.

Сондай-ақ, әкім 2023 жылы ашылған Сарқан қаласындағы «Жанұя» орталығының жұмысымен танысты. Мұнда тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген немесе қиын жағдайға тап болған азаматтарға әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсетіледі. Қажет болған жағдайда бір айға дейін уақытша тұру мүмкіндігі қарастырылған. Биыл орталыққа 24 өтініш келіп түскен.

Облыста жалпы 7 «Жанұя» орталығы жұмыс істейді, биыл Ақсу, Ескелді және Көксу аудандарында да ашылады. Бұл бастама «AMANAT» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жүзеге асуда.