2025 жылдың 1 мамырынан бастап елордада №7, 20, 24, 24Н, 31, 33, 34, 41, 47, 56, 57, 61, 84 және 503 автобус бағыттары уақытша өзгертіледі.
Сондай-ақ, CTS көлік компаниясының мәліметінше, 1 мамыр күні Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайында орналасқан орталық касса жұмыс істемейді.
Касса 2 және 3 мамыр күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейінгі әдеттегі жұмыс режимінде түскі үзіліссіз қайта ашылады. Соңғы билет 17:45-те беріледі. Жексенбі - демалыс.