Ұлыбританияда «Титаник» апатынан аман қалған жолаушының хаты бәс саудаға шығарылып, 400 мың долларға сатылды.
Полковник Арчибальд Грейс бұл хатты 1912 жылдың 10 сәуірінде лайнерге мінген күні жазған. Жолаушы жазбаларында кеме туралы алғашқы әсерімен бөліскен көрінеді. Тарихи құжат бастапқыда 60 000 фунт стерлингке бағаланған еді, бірақ құнды жазба әуелгі бағасынан 5 есе қымбатқа саудаланды. Сарапшылардың айтуынша, «Титаник» туралы жазылған хаттардың арасында мұншалық қомақты ақшаға сатылғаны бұрын-соңды болмаған.