• RUB:
    6.25
  • USD:
    516.16
  • EUR:
    584.86
Басты сайтқа өту
Мереке Кеше

Майдангерге құрмет

60 рет
көрсетілді

Кеше Петропавл қаласында Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагері, облыстың Құрметті азаматы болған Сапар Дүйсенұлы Дүйсеновтің «Егемен Қазақстан» көшесіндегі тұрған үйіне ескерткіш тақта ортатылды. 

Сапар Дүйсенов майданға 1942 жылы 16 жасында алынған. Құжатында туған жылы 1924 деп көрсетілгенімен оның шын туған жылы 1926 екен. Әскери комиссариатқа әкесі 18-ге толған жоқ деп қалай айтса да сендіре алмай, бойының қалқыңқылығына қарап, соғысқа жарайды деп алып кеткен. Ол кезде Қызыл әскер шыбындай қырылып, адам саны толмай жатқан ғой, сондықтан комиссариаттағылар ешкімнің шындық сөзіне құлақ аспаған.

Бала Сапар соғыстан ауыр жараланып келіп, экстернмен онжылдық мектептің аттестатын алып, екі жылдық заң мектебін, сырттай университетті  бітіріп, саналы өмірінде сот-прокуратура органдарында қызмет еткен. Соның зейнетке дейінгі 13 жылын Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметін абыроймен атқарды. Ол өзінің адамгершілік зор қасиетімен халыққа құрметті, елге беделді болды, жоғары кәсіби біліктілігімен сот, прокуратура қызметінде үлкен абыройға бөленді. Оның есімін прокуратуралық республикалық басшылары да жақсы біліп, Алғыс хаттарын жіберіп отыратын. Ол бірнеше орден-медальдармен марапатталып және «КСРО прокуратурасының еңбек сіңірген қызметкері» атағын алған.

Ескерткіш тақтаны ашуға петропавлдықтар өте көп жиналды. Облыс әкімі Ғ.Нұрмұхамбетов Сапар ағаның халыққа жасаған адал қызметі, үлкен адамгершілік қасиеті жастарға әрқашан да үлгі боларын атап өтті. Ескерткіш тақтаның лентасын облыс прокуратурасы ардагерлер ұйымының төорағасы Қайша Баязитқызы мен майдангердің үлкен ұлы Серік Сапарұлы кесті.  

ПЕТРОПАВЛ