• RUB:
    6.39
  • USD:
    518.53
  • EUR:
    588.17
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 10:20

Еліміздегі ең танымал 10 спорт түрі анықталды

20 рет
көрсетілді

Туризм және спорт министрлігі 2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі ең танымал бұқаралық және өзге де спорт түрлерін жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Министрлік дерегінше, елімізде ең көп қатысушы  футбол үйірмелерінде тіркелген. Осы спорт түрімен 1 113 299 адам айналысады, олардың жартысынан көбі ауылдық жерде тұрады.

Кейінгі орындарға мына спорт түрлері жайғасқан:

Классикалық волейбол – 767 580 адам (оның ішінде ауылдық жерде – 421 035)

Баскетбол – 541 819 (ауылдық жерде – 238 853)

Футзал – 368 349 (ауылдық жерде – 130 744)

Жеңіл атлетика – 347 654 (ауылдық жерде – 174 261)

Шахмат – 278 101 (ауылдық жерде – 128 243)

Үстел теннисі – 262 835 (ауылдық жерде – 127 416)

Дойбы – 213 490 (ауылдық жерде – 115 198)

Тоғызқұмалақ – 202 217 (ауылдық жерде – 119 302)

Қазақ күресі – 160 399 (ауылдық жерде – 87 030)