9 мамыр күні Петропавл қаласындағы «Жеңіс паркінде» 2015 жылы ашылған Даңқ аллеясы ашылған.
Ондағы әрбір мемориалдық тасқа Кеңес Одағының Батыры атағын алған 55 және Даңқ орденінің үш дәрежесімен наградталған 11 солтүстікқазақстандықтың есімдері жазылған.
Осында облыс әкімі Ғ.Нұрмұхаметов бастаған облыс басшылары, ардагерлер, әскерилер мен қоғам белсенділері, жастар ұйымдарының өкілдері гүл шоқтарын қойды. Осыдан әрі Жеңіс күніне арналған салтанат полиция департаментінің күшімен дайындалған концертке ұласты. Онда негізінен соғыс жылдары айтылған әндер орындалды.
ПЕТРОПАВЛ