• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Кәсіпкер Бүгін, 15:10

Петропавлда мал азығының ашытқысы зауыты салынады

30 рет
көрсетілді

Жуырда Петропавлға Италиялық инвесторлар келіп, «Qyzyljar» АЭА  3 млрд теңгенің мал азығының ашытқысы зауытын салуға ниет білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Инвестициялық жобаны іске асыратын Итальяның Prosol Spa компаниясы. Оның директорлар кеңесінің төрағасы Альберто Виллой мен атқарушы директоры Даниэль Бонвичини облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қабылдап, инвестициялық жобаны іске асыруға жан-жақты көмек жасалатынын айтты.

Жаңа зауыт құрылысы 2026 жылы аяқталады. Ол толық күшіне енгенде жылына 3 мың тонна ашытқы шығаратын болады және 40 адамдық жаңа жұмыс орындары ашылмақ.

Солтүстік Қазақстан облысы