• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 15:05

Отандық теннисшілер қарт құрлықта күш сынасты

20 рет
көрсетілді

Бұл күндері әлемнің әр қиырында теннистен халықаралық турнирлер өтіп жатыр. Сол жарыстарда Қазақстанның да өкілдері бақ сынауда, деп жазады Egemen.kz.

Италияның Турин қаласындағы «Челленджер» турнирін Александр Бублик сәтті бастады. Еліміздің бірінші ракеткасы тұсаукесер кездесуде жергілікті ойыншы Маттео Гигантты 6:3, 6:1 есебімен ойсырата ұтты. Бұл матч бір сағатқа созылды. Енді Бублик Италияның тағы бір өкілі Федерико Арнабольдимен кездеседі.

Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченконың да аяқ алысы жаман емес. Ол Францияның Бордо қаласында тұсауы кесілген турнирдің алғашқы айналымында сол елдің өкілі Уго Греньемен күш сынасты. 1 сағат 45 минутқа созылған сайыс 7:6, 6:1 есебімен аяқталды. Ал Бейбіт Жұқаев Хорватияның Загребіндегі жарыста сәтсіздікке ұшырады. Қандасымыз швейцариялық Жером Кимге жол берді.