• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 17:27

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін атап өтпейді

30 рет
көрсетілді

17 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толады. Осыған байланысты Ақорда баспасөз қызметі арнайы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Онда Мемлекет басшысының туған күнін атап өтпейтіні және бұл күні ешқандай салтанатты шаралар жоспарланбағаны айтылған.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне байланысты ешқандай салтанатты іс-шаралар өткізілмейді. Президент бұл күнді атап өтпейді», делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, 2024 жылы да Ақорда өкілдері Президент үшін 17 мамыр – қарапайым жұмыс күні екенін, ал бұл ұстаным оның өмірлік қағидаттарының бірі екенін айтқан еді.