• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Парламент Кеше

 «Парламент сөзі» сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды

30 рет
көрсетілді

Мәжіліс Парламенттің қызметін үздік насихаттаған журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдауды бастады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.

 

Дәстүрлі байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды анықтау журналистердің кәсіби мерекесі – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында өтеді.

Осы сыйлыққа Палата­ның заң шығарушылық қыз­меті жайлы 2024 жылғы қыр­күйек пен 2025 жылғы 13 маусым аралығында жарияланған және эфирге шыққан материалдар қабылданады.

Жеңімпаздар 7 номинация бойынша марапатталады. Олар –үздік телевизиялық сюжет, баспа жарияланым, интернет, радио және фото материал. Сондай-ақ «Парламент сөзі» номинациясы, Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін номинациясы мен Парламент Мәжілісінің қызметі туралы жасалған арнайы репортаж да атап өтіледі.

Жеңімпаздарды Мәжіліс депутаттарынан құралған арнайы комиссия анықтайды.

Өтінімдерді 2025 жылғы 16 маусымға дейін Smimazh@parlam.kz электрондық поштасына жіберуге болады.

Қосымша ақпаратты Мәжілістің ресми сайтынан немесе 74-63-01, 74-63-05 байланыс телефондары арқылы ала аласыздар.