• RUB:
    6.35
  • USD:
    510.78
  • EUR:
    576.06
Басты сайтқа өту
Туризм Бүгін, 12:35

Балалар мен жасөспірімдер туризмінің жол картасы әзірленді

40 рет
көрсетілді

Үкімет отырысында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев елімізде 2029 жылға дейінгі балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту жол картасының әзірленгенін мәлімдеді. Құжат 7 бағыт бойынша 29 нақты іс-шараны қамтиды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вице-министрдің мәліметінше, балалар туризмін қолдау мақсатында мемлекет Kids Go Free бағдарламасын іске асырып келеді. Оның аясында 5,6 мыңнан астам бала тегін әуе сапарына шыққан. Биыл бұл жоба арқылы тағы 3 мың бала қамтылады деп жоспарланған. Сонымен қатар, балалармен бірге жүретін ересектердің тізімін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Мысалы, Астана әкімдігі жыл сайын әр өңірден жиналған 1000-ға жуық баланы қамти отырып «Астана – Отанымның Елордасы» әлеуметтік жобасын іске асырып келеді. Тур бағдарламасына тұру, тамақтану, ауқымды мәдени-ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастыру кіреді. Туристік қоғамдастықпен бірлесіп арнайы туристік маршруттар әзірленді. Ол мәдениет, тарих және дәстүрмен танысуға, сондай-ақ оқушылар мен студенттердің ой-өрісін кеңейтуге бағытталған», деді Ержан Еркінбаев.

Министрлік бұл бастамалардың балалардың ой-өрісін кеңейтіп, мәдени мұрамен, тарихпен және дәстүрмен танысуға мүмкіндік беретінін атап өтті.