• RUB:
    6.33
  • USD:
    511.59
  • EUR:
    575.28
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 14:50

Қазақстанның гимнастары Азия чемпионатынан олжалы оралды

40 рет
көрсетілді

Сингапурде көркем гимнастикадан әйелдер мен қыздар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Аталған жарыста Қазақстан құрамасы өте жақсы нәтиже көрсетіп, 11 жүлде олжалады деп хабарлайды Egemen.kz.   

Алғашқы алтынды аруларымыз топтық көпсайыста иеленді. Жеңімпаз команданың сапында Айзере Кеңес, Аида Хакімжанова, Мәдина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова, Кристина Чепульская және Жасмин Жүнісбаева сынды сұлулар өнер көрсетті. Екінші орынды Оңтүстік Корея еншілесе, Өзбекстан үшінші сатыға табан тіреді.

Көп кешікпей Айбота Ертайқызы «таспа» жаттығуында алдына жан салмаса, Ақмарал Ерекешева «доп пен таспада» алтыннан алқа тақты. Одан кейін Қазақстан құрамасы топтық жаттығуда топ жарды. Олар 26,65 ұпай жиды. Екінші және үшінші орындарды Өзбекстан (25,15 ұпай) мен Оңтүстік Корея (24,25 ұпай) иемденді. Жерлестеріміз «3 сақина мен 2 жұп ұршық» жаттығуында да жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.  

Біздің қыздар бес алтыннан бөлек, төрт күміс пен екі қолаға қол жеткізді. Бұл жүлделер Айболта Ертайқызы, Айым Мейіржанова, Ақмарал Ерекешева, Айғаным Рысбекке тиесілі. Сондай-ақ, командалық сайыстарда да олжаға кенелдік. Сөз орайы келгенде жерлестерімізді бұл жарысқа Меруерт Балғынбаева есімді білікті бапкердің баптап апарғанын да айта кетуге тиіспіз.