• RUB:
    6.33
  • USD:
    511.59
  • EUR:
    575.28
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 17:35

Туристке 114 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін

20 рет
көрсетілді

Испанияда турист ұлттық парктің қорғалған аумағында үлкен тасты әдейі сайға домалатып, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Бұл әрекеті үшін ол рекордтық көлемдегі — 168 мың фунт стерлингке дейін (шамамен 114 миллион теңге) айыппұл төлеуі мүмкін. Egemen.kz Daily Mail-ге сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға Испанияның солтүстігінде орналасқан әйгілі Пикос-де-Эуропа ұлттық паркінің аумағында, жылына шамамен 300 мың адам жүріп өтетін Cares Trail туристік бағыты бойында болған. Тастың лақтырылуы табиғи ландшафттың құрылымын бұзып, сол аумақта жүрген басқа туристер мен жабайы жануарларға қауіп төндірген.

Испания билігі бұл оқиғаға қатты алаңдаушылық білдіріп отыр. Табиғатты қорғау заңдары өте қатаң саналатын бұл елде мұндай әрекеттерге төзім көрсетілмейді.

«Бұл — өте ауыр құқықбұзушылық. Мұндай тас лақтыру әрекеті үшін 200 мың еуроға дейін айыппұл қарастырылған», деді ресми өкіл.

Айта кетейік, Пикос-де-Эуропа ұлттық паркі — Испаниядағы ең көне қорғалатын аймақтардың бірі. Ол 1918 жылы құрылған және Астурия, Кантабрия мен Кастилия-и-Леон автономды аймақтарының аумағында орналасқан.