Биыл Құрбан айт мерекесі 6 маусымға сәйкес келеді. Алайда діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескеру қажет, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осылайша ел азаматтары маусым айында 10 күн демалады. Сенбі-жексенбіден бөлек, Құрбан айттың алғашқы күнінде демалады.
Бес күндік жұмыс аптасы — 6, 7 және 8 маусым демалыс күндері болады; Алты күндік жұмыс аптасы үшін — 6 және 8 маусым демалыс, ал 7 маусым жұмыс күні. МДБ мәліметінше, Құрбан айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу міндет болып саналады.Құрбан айт — ислам дініндегі ең маңызды діни мейрамдардың бірі. Ол Зүл-хижжа айының 10-шы күні басталып, үш күнге созылады. Бұл мейрам Меккедегі қажылықтың аяқталуына сәйкес келеді және мұсылмандар үшін үлкен рухани мәнге ие.