• RUB:
    6.53
  • USD:
    511.67
  • EUR:
    582.38
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 24 Мамыр, 2025

Куәлігі бар аю

110 рет
көрсетілді

«Мүмкін емес, бірақ шындық» деп осындайда айтатын шығар, сірә. Аюдың мотоцикл айдағанының өзі қалыптан тыс құбылыс. Ал оның жүр­гізуші куәлігіне ие болғаны тіп­тен таңғаларлық жағдай.

Кеңес заманында жаттықтырылып, әлем елдерін аралаған бұл аю Германияның Штутгарт қаласында ерекше шеберлігімен дүйім жұртты тәнті еткен. Ол көшеде жол ережесін сақтап, мотоциклмен арлы-берлі жүйткіген. Тіпті жануар бағдаршам қызыл жанғанда тоқтап отырған. Бұл өнерге таңдай қаққан неміс билігі әзіл-шыны аралас, бірақ ресми түрде оған жүргізуші куәлігін табыстаған. Мінекей, осы оқиға – жануарлардың да машық пен тәртіпке үйрене алатындығының айқын дәлелі.