• RUB:
    6.51
  • USD:
    510.81
  • EUR:
    578.59
Басты сайтқа өту
Президент 29 Мамыр, 2025

Тоқаев жаһандық сын-қатерді жалғыз еңсеру мүмкін еместігін айтты

30 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында қатысушыларды мазмұнды диалог орнатуға шақырды, деп жазады Egemen.kz.

Президент өз сөзінде Астана халықаралық форумы ынтымақтастыққа қолдау білдіру үшін құрылғанын атап өтті. 

«Сіздер Астанаға әлемнің түкпір-түкпірінен келдіңіздер. Әрқайсысыңыз тәжірибелеріңізді, дүниетанымдарыңызды және құндылықтардың ықпалымен қалыптасқан көзқарастарыңызды ортаға саласыздар. Аталған форумның мәні осындай интеллектуалдық әралуандықта жатыр. Алдымызда келешектің түрлі сценарийі күтіп тұр. Бірі үміт ұялатады, бірі қауіп-қатерге толы. Бәріне ортақ өркениет жолын таңдаймыз ба, әлде жікке бөлініп құрдымға кетеміз бе? Оны үркердей топтың мәлімдемесі емес, көптің ауызбіршілігі шешуі қажет.Астана халықаралық форумы осы ынтымақтастыққа қолдау білдіру үшін құрылды. Аталған алаң өзара құрметке негізделген және ашық пікірталас мүмкіндігін ұсынады. Биылғы форум тақырыбы – «Ақыл-ой қосу арқылы келешекті бағдарлау» ( Connecting Minds, Shaping the Future) Бұл – біздің үндеуіміз әрі қалтқысыз сеніміміз. Жаһандық сын-қатерді жалғыз еңсеру мүмкін емес. Дипломатия ресми протоколдың тар шеңберінен шығып, анағұрлым терең әрі адами қалыптағы қарым-қатынасқа төр ұсынуға тиіс», деді  Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл форумның тың ойлар айтылатын ғана емес, батыл қадамдар жасалатын алаңға айналуына тілектестік білдірді. 

«Біз дүниежүзілік дамудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Мұнда адамдар арасындағы сенім, білім-тәжірибемен бөлісу және азаматтық қоғамның ынтымақтастығы халықаралық қатынастардың жаңа іргетасын қалайды. Сондықтан ықпалдастықтың аясын кеңейте беруіміз керек.Қазақстан идеяның кені, араағайындық шешімдердің архитекторы және түрлі өңірлер мен мәдениеттердің серіктесі ретінде осы өзгерістерге үлес қосуға дайын. Бұл форум тың ойлар айтылатын ғана емес, батыл қадамдар жасалатын алаңға айналсын. Баршаңызды мазмұнды диалог орнатуға шақырамын. Алдағы пікірталастар қызықты, форум жұмысы нәтижелі болуына тілектестік білдіремін», деді Президент. 

Сондай-ақ, Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында Руанда Президенті Поль Кагаме, Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының бас директоры Цюй Дунъюй, Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсе, Жаһандық жасыл даму институтының төрағасы Пан Ги Мун сөз сөйледі.AIF пленарлық сессиясында CNN телеарнасының бұрынғы жүргізушісі, журналист Джулия Чаттерлей модератор болды.