• RUB:
    6.46
  • USD:
    511.37
  • EUR:
    583.73
Басты сайтқа өту
Инфрақұрылым 01 Маусым, 2025

Сәтбаев қаласының жылу магистральдары күрделі жөндеуден өтуде

70 рет
көрсетілді

Сәтбаев қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда №1 және №2 магистральдік жылу желілерін заманауи, полиуретанды оқшауланған (ППУ) құбырларға ауыстыру бойынша реконструкциялау басталды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Жалпы ұзындығы 10,6 шақырымды құрайтын екі жоба іске асады. Қазіргі күні 1,6 шақырым желіде жұмыстар жүргізілуде.

Мердігер ұйымдар: «Сарыағаш-Аман» ЖШС және «АСТАНАИНЖКОМСТРОЙ» ЖШС. Жобаның жалпы соммасы 9,2 млрд теңге.

Айта кетерлігі, бұл – жылу желілеріне соңғы 50 жыл ішінде жасалып отырған ең ауқымды және күрделі жөндеу.

Біз тұрғындарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға бар күшімізді саламыз. Жылу жүйесін жаңғырту – осы мақсатқа жетудің маңызды бөлігі. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жоспарлы әрі тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Жылы әрі жарық үйлер – бұл тек жайлылықтың емес, болашаққа деген сенімнің, бір-бірімізге деген қамқорлық пен жауапкершіліктің көрінісі.