• RUB:
    6.53
  • USD:
    511.67
  • EUR:
    582.38
Басты сайтқа өту
Білім 03 Маусым, 2025

Жаңа оқу жылына 70 мыңға жуық грант бөлінді

90 рет
көрсетілді

2025/2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарының саны жарияланды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Министрліктің мәліметінше, жаңа оқу жылында 2019 жылы туған 400 мыңнан астам бала мектепке барады. Ал 2027 жылға қарай еліміздегі жалпы оқушы саны 5 миллионға жуықтайды. Осыған байланысты бастауыш және орта буын мектептерінде мұғалімдерге деген сұраныс күрт артып отыр.

«2025/2026 оқу жылында педагогикалық мамандықтарға 13 226 грант, ал өнер мен гуманитарлық ғылымдарға 1 915 грант бөлінді», делінген министрлік мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына шамамен 19 мың, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына 11 мыңнан астам, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика бағыттарына 9 мыңнан астам грант қарастырылған.

Алина ҚАЙРАТҚЫЗЫ,

ЕҰУ 2-курс студенті