• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 05 Маусым, 2025

Үш аяқты адам

40 рет
көрсетілді

Фрэнк Лентини 1889 жылы Си­ци­лияда дүниеге келгенде дәрігер­лер біраз абдырап қалады. Өйткені сәби үш аяқты болып туған еді.

Алайда бұл ерекшелік Фрэнкке өмір­ден өз орнын табуға еш кедергі болған жоқ. Ол велосипед айдап, футбол ойнау­ды меңгеріп, цирк әртісі ретінде бүкіл қалаға әйгілі болды. Кейін үйленіп, төрт баланың әкесі атанды. Бұған қоса, Лентини әзілқой әрі ақжарқын адам ретінде де есте қалған. Оның «Тағдырдан маған қосымша аяқ емес, қосымша мүмкіндік берілді» деген сөзі көпшілікке үлгі боларлық өмірлік ұстанымға айналды.