• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

Шардара су қоймасына қатысты жүйелі жұмыс жасалды

40 рет
көрсетілді

Шардара су қоймасына сәуірге дейін 12,6 млрд текше метр су түскен. Яғни су бастапқы болжамнан 1,7 млрд текше метрге артық келді. Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, вегетация кезеңіне Шардара су қоймасына шамамен 3,7 млрд текше метр көлемінде су келетіні көзделген. Сәуір айында қоймаға 1 млрд текше метр, ал мамыр айында 134 млн текше метр су түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осыған орай, Шардара қоймасына тұрақты су келуін қамтамасыз ету мақсатында, министрлік көршілес елдермен жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Межелі түрде тұрақты су жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында, 30 мамырда Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан арасындағы «Бахри Точик» су қоймасының маусым-тамыз айларындағы жұмыс режимі бойынша үшжақты кесте бекітілген. Бұл құжат шеңберінде Қазақстанға вегетациялық кезеңде Достық каналы арқылы кемінде 491 млн текше метр су жеткізіледі деп жоспарланып отыр.

2 маусымдағы жағдай бойынша Арал-Сырдария бассейніндегі су қоймаларының орташа толымдылығы – 66% немесе 3,6 млрд текше метр. Осыған байланысты министрлік Түркістан және Қызылорда облыстарында тәуекелдер сақталуда екенін хабарлады. Атап айтқанда, 1 сәуірдегі жағдай бойынша Бөген су қоймасына 357 млн текше метр су жиналған. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен шамалас болғанымен, бүгінде қоймадағы су көлемі 229 млн текше метрге дейін төмендеді. Бұл жағдай вегетациялық кезеңнің бастапқы сатысында су алудың қарқынды жүруімен тікелей байланысты.

Қазгидрометтің мәліметі бойынша, алдағы вегетация маусымы еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде жауын-шашын тапшылығы жағдайында өтеді. Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері су үнемдеу технологияларын, түнгі және кезектесіп суаруды қолдану қажет.

Айта кетелік, жуырда Шардара ауданындағы «Nur-delux» жағажайында шомылу маусымының ашылуы өтті. Мерекелік шара аясында жағажай аумағында түрлі спорттық жарыстар – волейбол, футбол, арқан тарту, қошқар көтеру және гір тас көтеру бойынша бәсекелер, сондай-ақ отбасылық «Толағай» сайыстары өткізілді. Сонымен қатар аудандық көркемөнерпаздар концерттік бағдарламасын ұсынып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Соңғы жаңалықтар