Ғылым және жоғарғы білім министрлігі талапкерлер үшін маңызды күнтізбені жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Негізгі ҰБТ 16 мамыр-7 шілде аралығында тапсырылады. ЖОО-ға құжаттарды қабылдау 20 маусымда басталып 25 тамызға дейін жалғасады.
«Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» мамандықтарына түсушілер үшін арнайы емтихандар 20 маусым-20 тамыз аралығында (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін өткізіледі) өтеді.
Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер 20 маусым-10 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 7 шілдеге дейін) аралығында қабылданады. Шығармашылық емтихандар 7 шілде-15 тамыз (конкурсқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін) аралығында болады.
Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 13 шілде - 20 шілде аралығында қабылданады. Ал грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады. Қосымша ақпаратты ЖОО ресми парақшалары мен сайттарынан ала аласыздар.