• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Айбын Бүгін, 14:55

Ақтөбеде әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді

20 рет
көрсетілді

«Айбын-2025» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны 22–28 маусым аралығында Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оған Қазақстаннан және шет елдерден мыңнан астам жас патриот қатысады. «Айбын» жиынының басты идеясы – рухани құндылықтарды сақтау, озық дәстүрлерді нығайту, өскелең ұрпақты патриоттық рухта және Отанды қорғауға әркез дайын болуға тәрбиелеу.

Жиын барысында қатысушылар әскери-қолданбалы спорт түрлерінен сынға түсіп, көшбасшылық, командалық және стратегиялық ойлау қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар тарихи-танымдық кездесулер, әскери техника көрмесі мен батырлар рухына арналған салтанатты шаралар ұйымдастырылады.

Арайлым МЫРЗАХАН, ЕҰУ студенті