Қазақ теннисшісі Бейбіт Жұқаев Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан «АТР 250» турнирінің негізгі бөлігіне шыға алмады. Іріктеу сайысында ол швейцариялық Марк-Андреа Хуслерді ұтты. 1 сағат 44 минутқа созылған бәсеке 6:3, 5:7, 6:4 есебімен аяқталды. Бірақ шешуші бәсекеде Бейбіт мажарстандық Мартон Фучовичқа есе жіберді – 7:6, 3:6, 2:6.