• RUB:
    6.44
  • USD:
    507.8
  • EUR:
    580.82
Басты сайтқа өту
Тағайындау Кеше

«Қазпошта» АҚ-на жаңа басшы келді

50 рет
көрсетілді

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болып Бекежан Жәкеев тағайындалды. Бұған дейін бұл лауазымды 2022 жылдың қазан айынан бері Әсел Жанасова атқарып келген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бекежан Жәкеев 1982 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген. Ол «Әділет» құқықтану академиясы жоғары құқық мектебін «Құқықтану» мамандығы бойынша, сондай-ақ Астана қаласындағы Еуразия Гуманитарлық Институтын, «Экономика және бизнес бакалавры» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2003 жылдан бастап банк жүйесінде заңгер болып бастаған. 2009 жылдан 2024 жылға дейін әртүрлі кезеңдерде экономиканың өндірістік, квазимемлекеттік және қаржы секторларында басшылық позицияларда жұмыс істеген.