• RUB:
    6.41
  • USD:
    511.77
  • EUR:
    593.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

1,7 млн гектар жер шегірткеге қарсы өңделді

30 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы министрлігі үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жоспарланған көлемнің 80,1 пайызы, яғни 1,7 млн гектар жер өңделгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Осы бағыттағы жұмыстар Түркістан облысында мәресіне жетіп, 371 мың гектардан астам алқап өңделген. Ал Жамбыл облысында 81,3 мың гектар жерге химиялық өңдеу жүргізілген.Еліміздің тағы 13 өңірінде өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр.Ақтөбе облысында – 351 мың га, Қостанай облысында – 345,7 мың га, Батыс Қазақстан облысында – 177,5 мың га, Қызылорда облысында – 58,6 мың га, Қарағанды облысында – 34,2 мың га көлемінде күрес шаралары жүзеге асырылған.Шегірткеге қарсы жұмыстарға 443 бірлік арнайы бүрку техникасы тартылған, оның ішінде 24 ұшақ, 49 ұшқышсыз ұшу аппараты және 30-дан астам аса жеңіл авиация техникасы бар.Министрлік әлеуметтік желілерде Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында шегірткенің жаппай қаптауы туралы бейнематериалдарды тексеру басталғанын мәлімдеді.