• RUB:
    6.41
  • USD:
    511.77
  • EUR:
    593.19
Басты сайтқа өту
Экономика Кеше

«Самұрық-Қазына» 25 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырды

50 рет
көрсетілді

Бүгін Астанада өткен брифингте «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Қор қызметінің аралық қорытындыларын баяндап, іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы есеп берді, деп жазады Egemen.kz.

«2023 жылдан бүгінге дейін 2,2 трлн теңге болатын барлық салалар бойынша 25 ірі жоба жүзеге асырылды. Бұл – халық пен өнеркәсіптік кәсіпорындарды газбен және энергиямен қамтамасыз ету, ресурстық базаны ұлғайту, мұнай өңдеу, логистикалық инфрақұрылым және батыс өңірінің тұрғындарын сумен қамтамасыз ету жобалары», деді «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов.   

Нұрлан Жақыпов атаған ірі инвестициялық жобалар ішінде Атырау және Маңғыстау облыстарындағы су тапшылығы мен оны тұтынудың артуына дайын болу үшін Астрахан–Маңғышлақ су құбыры бар. Сондай-ақ, Кендірлі елді мекенінде су тұщыландыру зауыты салынды.

CASPI BITUM зауытының қуаты 1,5 есе артып, жылына 750 мың тоннаға жеткен. Бұл ішкі нарықты жол битумымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.

Қазақстанның батыс өңірлерін газбен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында «Сарша» және «Жылы жағажай» елді мекендерін газбен қамту жобасы аяқталып, «Мақат–Солтүстік Кавказ» магистральді газ құбырының қосалқы құбыр желісі мен «Бейнеу–Жаңаөзен» құбырының екінші желісі салынған.

Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 станцияларын табиғи газға көшіру үшін газ инфрақұрылымы салынған.

Сиань қаласында көлік-логистикалық терминалы, Ақтау портында контейнерлік хаб және Алматыда логистикалық кешен іске қосылған. Бұл - Еуразияда Қазақстанның сенімді транзиттік хаб ретіндегі маңызын нығайтты.

«Богатырь» разрезінде көмір өндіру, тасымалдау және тиеудің циклді-ағымдық технологиясына көшу жобасы аяқталып, кеніштің қуаты жылына 32 млн тоннадан 40 млн тоннаға дейін артқан.

Екібастұз 1-МАЭС станциясының 1-энергетикалық блогы қалпына келтірілді. Станция соңғы 30 жылда алғаш рет сегіз блокпен (4 ГВт дейін) жұмыс істей бастады.

Қазақстанның Батыс аймағының электр желісін күшейту мақсатында жаңа электр жеткізу желілері іске қосылған.