• RUB:
    6.44
  • USD:
    511.92
  • EUR:
    588.91
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Қарағандыда ер адам дәрігерлерге күш көрсеткен

40 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында медицина қызметкерлеріне күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 12 маусым күні Қарағанды облыстық балалар ауруханасында болған. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 38 жастағы облыс тұрғыны сөзге келіспеушілік кезінде екі дәрігерге дене жарақатын салған.

Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. 

Соңғы жаңалықтар