• RUB:
    6.44
  • USD:
    511.92
  • EUR:
    588.91
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Ымдау тіліне арналған электронды сөздік әзірленді

40 рет
көрсетілді

Оқу-ағарту министрлігінің Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған онлайн-видео ымдау тілі сөздігін әзірледі, деп жазады Egemen.kz.

Министрлік мәліметінше, бұл сөздік ишаралардың көрнекі көрсетілімдері мен автоматтандырылған іздеу жүйесі бар интерактивті ақпараттық база. Электронды сөздікті орталықтың ресми сайтында қазақ және орыс тілінде тегін жүктеп алуға болады. Қазір қолданудың қолайлылығын арттыру және қолжетімді ете түсу үшін сөздіктің мобильді нұсқасын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның таныстырылымы 2025 жылғы республикалық тамыз конференциясы аясында өтеді.

Соңғы жаңалықтар