Қонаев қаласында медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Бұл тек мереке емес, өңір денсаулығын дамытудағы нақты нәтижелердің көрінісі болып табылуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мерекелік іс-шараға арнайы қатысқан Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тимур Мұратов құттықтау сөзінде: "Медицина тек мамандық емес, бұл кәсіп. Бүгінгі таңда медицина қызметкерлерінің кәсібилігінің арқасында күн сайын мыңдаған адамның өмірі сақталуда. Біз барлық ақ халатты абзал жандарға адалдықтары, шыдамдылықтары және ақыл-ойдан құралған күштері үшін алғыс айтамыз",-деді.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым медицина өңірлік саясаттың басымдықтарының бірі екенін атап өтті және биыл 239 техника мен 15 санитарлық машина сатып алуға 3,4 млрд теңге бөлінгенін жеткізді. Қазірдің өзінде ауылдарда 17 жаңа медициналық нысан іске қосылып, тағы 21-і салынуда. Мұның барлығы дәрігерлердің заманауи жағдайда жұмыс істеуі және пациенттердің үйге жақын жерде сапалы көмек алуы үшін жасалып жатқандығын жеткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар отандық медициналық техника және фармацевтика көрмесіне қатысты. Мәдениет үйінде салтанатты қабылдау өткізіп, онда үздік дәрігерлерге марапаттар табыстады. Іс-шараның куәгерлері болған көрермендер, шығармашылық ұйымдардың әсерлі концертін тамашалады.
Есік қаласына барған делегация, жаңартылған Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасымен танысты. Мұнда күрделі жөндеуден кейін мекеме халықаралық стандарттарға сәйкес келетін заманауи жабдықтар алып, қарқынды терапия бөлімшелерін ашты.
Бұл өзгерістердің күнделікті жұмыста қалай сезілетіні туралы жалпы тәжірибелі дәрігері Сабирова Айнұр Нұридинқызы айтып берді. Дәрігердің сөзінше, соңғы жылдары ауруханада ультрадыбыстық аппараттар, жаңа автокөліктер, ыңғайлы жұмыс жағдайлары жасалуда. Тұрғындардың өздері: "Қазір біздің аурухана қалалардағы ауруханадан кем емес",-дейді. Бұның барлығы жақсы себеппен жасалатын үлкен жұмыстың нәтижесі екендігін алға тартты.
Алматы облысында 3 мыңға жуық дәрігер мен мыңдаған орта буын қызметкерлері жұмыс істейді. Олардың жұмысы мәртебелі әрі таптырмас болып қала беретіндігі сөзсіз.