Қазақстан-ОА-дағы балаларға туғаннан бастап кардиохирургия қолжетімді болатын жалғыз ел. 2024 жылы дәрігерлер ашық жүрекке 1700-ден астам операция, оның 809-ы 1 жасқа дейінгі сәбилерге жасады.
Қазіргі заманғы технологиялар мен неонаталдық реанимацияның дамуының арқасында дене салмағы өте төмен балалардың өмір сүру деңгейі 4 есе өсті2026 жылдан бастап I–III дәрежелі есту қабілеті нашар балалар жергілікті бюджеттің есебінен есту аппараттары мен аудио процессорларды алады.
Онкогематологиялық көмекті дамыту:
-жыл сайын 5 мың бала ем алады-шетелде балаларды емдеуге жолдама 2 есе азайды (мұндай көмек Қазақстанда қолжетімді)-балалардың қатерлі ісіктері кезінде жалпы өмір сүру деңгейі 75%-дан асты.
Шұғыл көмек көрсету:
-Санавиация орталығы ауыр асқынулары мен жарақаттары бар 3 мыңнан астам әйелдер мен балаларға қызмет көрсетті-2024 жылы медавиацияның мобилдік бригадалары 750-ден астам ұшуды (жүкті әйелдер – 165, балалар-588) орындады,647 бала мен 127 жүкті әйел тасымалданды.