Ұлытау облысының ветеринария саласына жануарлардың аса қауіпті жағдайлары тіркелген жағдайда қалдықсыз жою үшін Камаз автокөлігіне орнатылған жылжымалы инсинератор пеші алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жылжымалы пештің құны — 85 миллион теңге.
Бұл пеш дизель отынымен жұмыс істеп, өңірдегі эпизоотиялық жағдайды бақылауға және аурудың алдын алуға мүмкіндік береді.
Ұлытау облысында ветеринарлық қызметтің сапасын арттыру мақсатында қажетті техникалармен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен жылы облыстың ветеринария саласына 15 жаңа автокөлік берілген болса, биыл тағы автокөліктер сатып алынады.
Ұлытау облысы