• RUB:
    6.69
  • USD:
    523.46
  • EUR:
    600.04
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

Ұлытаулық спортшылар Азия чемпионатында топ жарды

30 рет
көрсетілді

Ұлытау облысының спортшылары Тай елінде өткен Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды. Олар Тайландтың Районг қаласында өткен байдаркада есуден Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы екі медаль салды. Тимофей Таранов К4-500 м қашықтықта экипаж құрамында тағы бір алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Команда құрамында Алматы облысынан Михаил Затолоко, Шымкенттен Богдан Яценко және Шығыс Қазақстан облысынан Вильгельм Александр болды. Бұл Тимофейдің осы жарыстардағы екінші алтын медалі.

Қыздар арасында жезқазғандық Виктория Фалалеева мен түркістандық Татьяна Гладкова 23 жасқа дейін К2-500 м қашықтықта күміс жүлдегер атанды.

Жаттықтырушылар - Егор Борисов, Ольга Березинцева және Карина Қуанышева.

Ұлытау облысы