• RUB:
    6.69
  • USD:
    523.46
  • EUR:
    600.04
Басты сайтқа өту
Бизнес Кеше

Атырауда жергілікті қамтуды дамыту және өндірушілерді қолдау бойынша B2B-кездесулер өтті

30 рет
көрсетілді

ҚР Энергетика министрлігінің ірі мұнай-газ жобаларында жергілікті қамтуды дамыту мен отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған жүйелі жұмысы аясында 16–18 маусым күндері Атырау қаласында B2B-кездесулер циклі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шара Энергетика министрлігінің бастамасымен, Өнімді бөлу туралы келісімдер бойынша Уәкілетті орган – «PSA» ЖШС және IMB орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Кездесулерге қазақстандық тауар өндірушілер мен ірі мұнай-газ операторлары – ТШО, КПО және НКОК өкілдері қатысты. Негізгі мақсат – бұған дейін қол қойылған өзара түсіністік меморандумдары аясында жергілікті қамтуды одан әрі дамыту.

B2B-формат тікелей диалог орнатып, тараптар арасындағы әріптестікті нығайтуға және меморандумдар аясындағы уағдаластықтарды нақты сатып алу келісімшарттарына айналдыруға тиімді алаң болды.

Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.