• RUB:
    6.69
  • USD:
    523.46
  • EUR:
    600.04
Басты сайтқа өту
Есірткі Кеше

Қызылордада жаза өтеушіге сәлемдемеден марихуана табылды

30 рет
көрсетілді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің қызметкерлері жазасын өтеп жатқан азаматқа әкелінген сәлемдеме арасынан марихауана тапты, деп жазады Egemen.kz.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 7,8 тармағымен 18 жылға қатаң режимге сотталған Е. есімді азаматқа қысқа мерзімге кездесуге келген танысының сәлем-сауқатын режим және жедел тобының қызметкерлері және №5547 әскери бөлімінің бақылаушылары қатысуымен тексеру барысында ас-ауқат арасынан көк түсті фломастер өзегіне жасырылған өткір исі бар, жасыл түсті белгісіз шөп шыққан.

Осы оқиға жөнінде Қызылорда қалалық полиция басқармасына хабарланып, жедел тергеу тобы шақыртылды. Басқарманың жедел-тергеу тобымен тәркілеген шөп сараптамасы оның 0,83 грамм кептірілген марихуана екені анықтады.