• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.26
  • EUR:
    602.13
Басты сайтқа өту
Елорда Кеше

Балалар ақылды роботпен кездесті

40 рет
көрсетілді

Астанада №109 мектеп жанындағы жазғы лагерь аясында ерекше шара өтіп, балалар «Темірбек» есімді ақылды роботтың іс-қимылын тамашалады, деп жазады Egemen.kz.

Қала әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, заманауи жасанды интеллект элементтерімен жабдықталған «Темірбек» – сөйлеу, сұраққа жауап беру, адамды қашықтан сезу секілді мүмкіндіктерге ие. Робот STEM бағыты бойынша өтіп жатқан үйірмеге қатысып, оқушылармен еркін байланыс орнатты.

«Басты мақсат – оқушыларды болашақ технологияларына қызықтыру, осындай құрылғыларды өз қолымен жасауға ынталандыру. Мұндай кездесулер балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, жаңа идеяларға шабыт береді», деп түсіндірді мектеп директоры Жанар Ермұхамбетова.

Ал №74 мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі Айдана Айтжанова роботтың ерекшелігіне тоқталып өтті.

«Темірбек» – мектебіміздің 7 және 11-сынып оқушылары төрт айда жасап шығарған жобасы. Қазір ол ашық сабақтар мен іс-шараларда гид ретінде белсенді қатысып жүр. Болашақта оны толық қозғала алатын, тапсырма орындай алатын деңгейге жеткізу жоспарланып отыр», деді А.Айтжанова.